Атырауда білім бөлімінің басшысы ұсталды

Атырау облысы Жылыой ауданының білім бөлімінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті мәлім етті.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу фактісі бойынша «Атырау облысы Білім басқармасының Жылыой ауданының білім бөлімі» ММ бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотымен «үй қамағына алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды, - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы