Атырауда белгісіз ер адам 9 жастағы баланы ұрып, қашып кеткен

Әлеуметтік желілерде Атырауда балалар алаңында ойнап жүрген 9 жастағы балаға белгісіз ер адам шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

Деректерге сәйкес, оқиға Алмагүл ықшам ауданында болған. Белгісіз ер адам еш себепсіз баланы ұрып, дене жарақатын салғаннан кейін оқиға орнынан қашып кеткен. Оқиға сәті түсірілген бейнежазба желіде жарияланды.

Атырау облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, қазір күдіктінің тұлғасы мен орналасқан жері анықталып жатыр.

Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде. Оқиға куәгерлерінен жауап алынып жатыр. Жәбірленуші 9 жастағы бала жеңіл дене жарақатын алды, оған психологиялық көмек көрсетілуде, – делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан алынған кадр
Өзгелердің жаңалығы