Атырауда белгісіз біреу көлік терезесін сындырып 6 млн теңгені ұрлап кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Атырауда көліктің терезесін сындырып 6 млн теңгені ұрлап кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлық Атырау қаласындағы «Авангард» шағын ауданында сағат 12:43 шамасында болған.
Бүгін 50 жастағы азамат көлігін «Көктем» базарының аумағына қалдырып, шаруасымен кеткен. Сол кезде белгісіз біреулер көліктің әйнегін сындырып, қол сөмкесіне салынған 6 млн теңгені ұрлап кеткен, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.Қазір аталған дерекке қатысты тергеу жүріп жатыр
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан – Иордания саяси консультациялары онлайн режимде өтті
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы