Атырауда базар маңында алапат өрт болды

22 маусымда, сағат 13:04-те Атырау қаласы Әбдірахманов көшесінде орналасқан әмбебап дүкендердің бірінен от шыққаны туралы шұғыл қызметке шақырту келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бригадасы әмбебап дүкеннің шатыр жабындысы жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын 800 шаршы метр жабындыны шарпыған. Өрт сағат 14:27 ауыздықталып, 14:45 сағатта толықтай жойылды.

Өртті сөндіруге Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, «Семсер – Өрт сөндіруші» ЖШС, «СКЭБР», «Атма Аэропорт» АҚ, «Апаттар медицина орталығынан» барлығы 53 адам, 13 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің біріккен іс-қимылының нәтижесінде өрттің басқа аумақтарына таралуына жол берілмеді, – деп хабарлады Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы