Атырауда Бақсай көпірі арқылы өтетін уақытша айналма жол ашылды

Тасқын судың ағысын кедергісіз өткізу үшін көпірдің астына 6 металл құбыры төселді, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

"Лянкаран Иншаат" мердігерлік ұйымы мен "Ақжол құрылыс" ЖШС бірлескен жұмыстар нәтижесінде автокөліктің барлық түрлері үшін Бақсай көпірі бойында қозғалыс уақытша ашылды.

28 мамырда кешкі сағат 20.30-да уақытша айналма жол қалпына келтірілді. Суды кедергісіз өткізу үшін, диаметрі 1000 мм болатын 6 металл құбыр төселді, - деді "Қазавтожол "ҰК" АҚ директоры Мұрат Мықтыбаев.

Еске сала кетейік, 28 мамырда таңғы сағат 4.20-да Бақсай каналындағы су деңгейінің көтерілуіне, сондай-ақ, Бақсай көпірі арқылы 646 км уақытша айналма жолда судың жайылу қаупіне байланысты, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жүк көлігі үшін қозғалысты уақытша жабу туралы шешім қабылдаған болатын.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы