Атырауда балық аулауға кетіп қайта оралмаған әкесі мен баласы табылды
Атырау облысында құтқарушылар жоғалған адамдарды тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
18 тамызда 1954 жылы туған ер адам 2015 жылғы ұлымен бірге Атырау қаласынан Махамбет ауданына қарай балық аулауға автокөлікпен шыққан.
Азаматтар ұзақ уақыт байланысқа шықпағандықтан, туыстары құтқарушылардың көмегіне жүгінді. ТЖМ құтқарушылары оларды Махамбет ауданының Көздіқара елді мекенінен маңынан "Нарын" каналының бойынан тапты. Автокөліктегі аккумулятор отырып қалғандықтан, олар үйлеріне орала алмаған. Азаматтар медициналық көмек қажет етпеген. Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз!, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы