Атырауда балалар алаңы да залалсыздандырылып жатыр

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда көпқабатты үйлерді дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр. Кіреберіс пен аулаларда тазалық жұмыстары аптасына 3 рет тұрақты түрде жүргізіліп отырады.


Мұндай жұмыстардың жүргізілуі қазіргі жағдайда өте орынды. Жұмысшалар тек кіреберіс пен аула ғана емес, сонымен қатар балалардың ойын алаңдарын да залалсыздандырылып жатыр. Осылай химиялық құралдармен күнделікті тазалап отыру керек. Қазіргі жағдайда вирустан қорғанудың бірден бір жолы - сол тазалық болып отыр, - дейді көп қабатты үйдің тұрғыны Михаил Карташов.

Тазалық жұмыстары мүлік иелері қауымдастығының мүмкіндігіне қарай үйлерде əртүрлі жүргізіледі. Бірі күнде залалсыздандырылса, енді бір үйлерде тазалық жұмыстары аптасына 3 рет қана жүргізіледі. Ал жеделсатылар күнде дезинфекцияланатын болады. Залалсыздандыру жұмыстарында пайдаланылатын белизна, хлор, ұнтақ, бетперде мен қолғап секілді тазалық жəне қорғаныс құралдары мүлік иелері қауымдастығының қаражатына алынады.

Қала тұрғындары да қатерлі вирустың алдын алу шараларына атсалысса дейміз. Сонымен қатар, атыраулықтардан қауіпсіздікті сақтауды сұраймыз. Бұл жұмыстар күнделікті жүргізіліп тұрады, - дейді Атырау қалалық тұрғынүй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Хабиев.

Айта кетейік, қала бойынша 81 кондоминиум объектісі жұмыс жасайды. Олар 800-ден астам тұрғын үйге қызмет көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы