Кеше 2026, 23:55
Фото: Скриншот
Атырауда балабақшадағы шкаф құлап кеткен: Бір бала жарақат алды
Қазіргі уақытта ата-аналар тексеріс жүргізуді және тиісті органдарға шағымдануды сұрап отыр.
Атырау қаласындағы Kemel Kids балабақшасында қауіпті жағдай орын алды. Ата-аналардың айтуынша, 1,5 метр биіктіктегі ауыр шкаф балалар тобына құлаған. Жиһаз дұрыс бекітілмеген болып шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Atyrauoil Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Нәтижесінде бір бала арқа тұсынан жарақат алды. Абырой болғанда, құлаған жиһаз басына тиген жоқ, сондықтан ауыр жарақаттан аман қалды.
Ата-аналар бұл жағдайды балабақшадағы қауіпсіздік талаптарының сақталмауы деп санап, мектеп әкімшілігін жауапкершілікке тартуды талап етуде.
Олар: «Бүгінгі жағдай сәтті ақталғанымен, ертең олай болмай қалуы мүмкін», - дейді.
Қазіргі уақытта ата-аналар тексеріс жүргізуді және тиісті органдарға шағымдануды сұрап отыр.