Кеше 2026, 19:51
Фото: Видеодан кадр
Атырауда балабақша өртенді
Зардап шеккендер жоқ.
Атырауда балабақша ретінде қайта жабдықталған жеке тұрғын үйден өрт шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ Atyrau Today-ға сілтеме жасап
Өрт Б. Соқпақбаев көшесі бойында болған. Ғимараттың кіреберіс бөлігі жанған. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін мекеме қызметкерлері 10 адамды, оның ішінде 8 баланы өз күштерімен эвакуациялады.
Оқиға орнына келген құтқарушылар 24 шаршы метр аумақтағы өртті жедел сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ.