Атырауда азық-түлік бағасы қатаң бақыланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұдан былай тұрғындар бірінші тұтынатын азық-түлік бағасының өсіміне куә болған жағдайда жауапты мамандарға жазбаша шағым қалдыра алады, деп хабарлады Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Өңірдегі азық-түліктің негізсіз өсімін қадағалауға қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі жауапты. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде халық жиі тұтынатын 9 түрлі азық-түлік өніміне шекті баға қойылған. Тоғыз тауар түріне 1 сортты бидай ұны, бөлке нан, өлшеніп салынған макарон, қарақұмық жармасы, күріш, сиырдың төс еті, тауық жұмыртқасы, күнбағыс майы мен ас тұзы кіреді. 
Қазіргідей жағдайда кәсіпкерлердің жоғарыда атап өткен азық-түліктің 9 түрінің бағасын көтеруге құқығы жоқ. Шекті бағадан асырар болса, жауапты мамандар тексеріс жүргізіп, тиісті шара қабылдайтын болады, - деді Қайрат Оразбаев. 

Еске сала кетейік, азық-түлік бағасының өсіміне байланысты тұрғындар 8 701 730 0222 және 8 701 774 4484 Whats'App нөміріне жазбаша шағым қалдыра алады. Сонымен қатар, арнайы сайт арқылы да азық-түліктің баға өсімін хабарлай алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы