Атырауда автокөлік жолдарын жаңбыр суы басты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда автокөлік жолдарын жаңбыр суы басты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 10 наурызда толассыз жауған жаңбыр суының деңгейі 25-30 см-ге жеткен.
Атырау қаласының аумағында жауын-шашынның көп жаууынан жерасты суы көтерілді. Салдарынан көшелердегі автожолдарды су басты. Соған байланысты сағат 17:05-тен бастап шаһардағы жеке тұрғын үй айналасынан су сору жұмыстарын жүргізді. Авариялық-құтқару жұмыстарына төтенше жағдайлар департаменті (4 қызметкер, 1 мотопомпа) мен «Спецавтобаза» ЖШС (2 қызметкер, 1 техника) жұмылдырылды. Сағат 19:25-ке дейін 1,5 текше метр су сорылды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы