Атырауда ауыр салмақты жүк көліктеріне тексеру жүргізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Атырау облыстық көлік бақылау инспекциясының бірлескен жоспар негізінде халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жазғы мезгілде ауыр салмақты автокөліктердің жол жүру тәртібі бақыланды.
⠀Бұл мониторингке Атырау көлік прокурорының орынбасары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент қызметкері, Ұлттық сапа орталығының директоры, «Қазавтожол» мекемесі директорының орынбасары мен «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері қатысты.
⠀
Көлік бақылау инспекциясының жұмыстарын атқару кезінде пайданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес ауа-райына байланысты әр түрлі іс-шаралар өткізіліп тұратыны да анықталды. Соның бірі «Температуралық режим» іс-шарасында далада ыстық 25 градустан асса, ауыр салмақты жүктерді тасымалдау талаптары өзгеріп, 20%-ға төмендеу енгізілген.
⠀
«Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне түсіп жатқан шағымдарда осы ауыр жүк көліктері жол сапасына зиян келтіреді делінген.
⠀
Мониторинг барысында 13 заңбұзушылық фактілері анықталды. Екі автокөлік Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 571 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір автокөліктің тиеп келе жатқан жүгінің ені 2,55 м аспау керек, ал жүктің ені 2,80 м болған. Екінші көлікте тиеп келе жатқан жүктерінің арнайы рұқсат қағазы болмаған. Естеріңізге сала кетейік 01 шілде мен 31 тамыз аралыгында күннің ыстығы 25 градустан асса сағат 09:00-22:00 аралығында жүк көліктеріне 8 тоннадан артық салмақпен жүруге тыйым салынған, - делінген ақпаратта.
⠀
Одан бөлек мемлекеттік қызметкерлердің халықпен бірге атқарып жатқан жұмыстарының сапасы мен көлiктiк бақылау бекеттерінде көліктік бақылауды жүргізу тәртібі бақыланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы