Атырауда ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай жағымды болады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-дан хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық ауаның ластануы тек Атырау қаласында болжанады. Қазақстанның өзге қалаларында ауа сапасының нашарлауы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы