Атырауда атыс болып, үш адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Ақтауда «Авангард» аялдамасы жанында атыс болып, бірнеше адам мерт болды деген ақпарат тарады, деп хабарлайды inform.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растады.

15 наурызда жергілікті уақытпен сағат 22:10 шамасында Атырау қаласындағы «Авангард-3» шағын ауданындағы аялдамада атыс болған. Атыстың салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Ал, 26 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы