Атырауда дауыл соғуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18-22 мамыр аралығында Атырау облысында қатты дауыл соғып, нөсер жауын жауады деп күтілуде, деп хабарлады Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
"Казгидромет" РМК Атырау облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша, нөсер соңы бұршақты жауынға, қатты желге ұласуы мүмкін.
Осыған орай, облыс тұрғындарына аса қажеттіліксіз далаға шықпауды, балаларды үйден шығармауды, автокөліктерді жабық объектілер астына сақтауды, үй жануарлары қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, құрылыс объектілеріндегі жұмыстарды, соның ішінде арнайы техникалардың (биік кран) жұмыстарын уақытша тоқтатуды ұсынамыз, - делінген ақпаратта.
Сонымен бірге азаматтарға жеңіл қайықпен ашық су айдынына шықпау ұсынылып отыр.
Төтенше оқиғалар орын алған жағдайда, Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне шұғыл хабарласу сұралады.
Шұғыл қоңыраулар үшін: 112, 8(7122) 45 - 00 - 00.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз!" марафоны өтті
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы