Атырауда әскери міндетті азаматтар жаға бекіту жұмыстарына жұмылдырылды

Атырауда мобилизация жарияланып, әскери міндетті азаматтар жаға бекіту жұмыстарына жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Атырау қаласындағы Жайық жағалауын бекіту жұмыстарына аумақтық қорғаныс бригадасының 78 әскери міндетті азаматтары жұмылдырылды,-деп хабарлайды Атырау облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабы.

20 сәуірден бастап 78 әскери міндетті азаматтар жаға бекіту жұмыстарына жұмылдырылды. Қазіргі уақытта бізге Жайық өзенінің оң жағалауы бөлініп берілді. Біз бұл аумақта еріктілер көтерген бөгеттерді нығайтып жатырмыз,- деді аумақтық қорғаныс батальоны командирі Руслан Спанов.

Айта кетейік, әскери міндеттілер қала және облыстың 7 ауданынан шақырылған. Олар Атырау қаласында атқарылып жатқан жағаны нығайту жұмыстарына 29 сәуірге дейін қатысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Скрин
Өзгелердің жаңалығы