Атырауда Аshyq қосымшасы «қызыл» санаттағы 20 адамды анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда Ashyq жобасына қосылған 264 нысан QR код алды.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қадіржан Оразғалиевтың мәліметінше, Ashyq жобасына қатысуға 314 өтініш түскен.
Қазір жобаға 196 нысан қосылып, 264-і QR код алды. Ал, 68 нысан сынақ режимінде жұмыс істеуді бастады. Карантиндік шектеу шараларын бірнеше рет бұзған 3 кәсіпкерлік нысаны жобадан 2 аптаға шеттетілді. QR код арқылы «қызыл» санаттағы 20 азамат анықталды. Бұлар – коронавирус инфекциясымен келушілер. Сондай-ақ, қауіпті вирусқа шалдыққан науқастармен байланыста болған «сары» санаттағы 21 азаматқа түсіндіру жұмысы жүргізілді, -дейді Қадіржан Оразғалиев.
Атырауда жобаға 184 кәсіпкерлік нысаны қосылған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Франция АҚШ-қа тағы бір «Азаттық» мүсінін сыйға тартады
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы