Атырауда ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1 млн теңге бопсаламақ болған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлім етті.

Белгілі болғандай, күдікті 27 жастағы азаматты жеке басына қатысты бейнематериалдарды әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан.

24 жастағы облыс тұрғыны жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсіп, қамауға алынды, - делінген ведомствоның ақпаратында.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы