Атырауда апатты жағдайдағы 6 жатақхананың тұрғындары көшіріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Telegram-дағы "Атырау облысының әкімдігі" чат-каналында мәлімдеді деп, хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыс әкімінің мәліметіне сәйкес, бүгінде облыс орталығында 12 апатты жатақхананың тұрғындары көшірілуі тиіс екен. Бұл үшін Атырауда бюджет есебінен 240 пәтерге есептелген 6 үйдің құрылысы жүргізілуде."Жыл соңына дейін Береке ықшам ауданында 3 үй пайдалануға тапсырылады. Осыған орай, 6-7 жатақхананың тұрғындарын көшіруге мүмкіндік туады. Мердігерлердің уәделеріне сүйене отырып, 6 үйді де тапсыруды жоспарлаған едік. Өкінішке орай, құрылыс материалдарының жетіспеушілігі және басқа да себеп-салдарға орай, тек 3 үйдің ғана құрылысы аяқталады деп күтілуде. Қай жатақхананың тұрғындары көшірілетінін қосымша хабарлаймыз. Қалған 3 үй келесі жылдың бірінші жартыжылдығында тапсырылады", - делінген таратылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Макгрегор қазақстандық боксқа тамсанды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы