Атырауда анықталған 49 жастағы әйел COVID-19 індетін ұшақта жұқтырған болуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін "Алматы-Атырау" рейсіндегі жолаушылардың бірі коронавирустық инфекциямен ауруханаға жатқызылған болатын, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
21 наурыз күні келген "Алматы-Атырау" рейсінің кемінде екі жолаушысы COVID-19 жұқтырған. Олардың бірі - 29 наурызда инфекциялық карантин аймағына орналастырылған 19 жастағы студент болса, екіншісі - бүгін, 31 наурызда коронавирус инфекциясы анықталған 49 жастағы әйел. Әйелдің қауіпті ауру жұқтырғаны студентпен байланыста болған адамдарды тексеру кезінде расталған.
Осыған дейін, студенттің "Алматы-Атырау" бағытындағы рейспен 17 наурыз да келгені хабарланған болатын. Кейінірек студент жігіттің Атырауға 21 наурызда келгені айқындалды.
Аталған рейстегі барлық жолаушылар анықталып, оқшауланды, қазіргі уақытта оларға ПТР-тест жасалуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы