Атырауда алимент борышкерлері іздестірілуде

Атырауда учаскелік полиция қызметкерлері сот орындаушылармен бірлесіп полицияда алимент төлеуден жалтарып іздестірілуде тұрғандар мен борышкер тұлғалар және туысқандарымен қарым- қатынасын үзген адамдарды іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 181 адам мемлекеттік органдардың және сот орындаушыларының есебіне алынған. Ал, полицияның Көші-қон бөлінісінде алимент төлеуден жалтарып жүрген 26 тұлға, мемлекет мүддесін орындамай жүрген борышкер санаты бойынша 25 - тұлға және туысқандарымен қарым-қатынасын үзген 7 тұлға іздестірілу есебінде тұр. Рейдтің алғашқы күні Көші-қон қызметі бөлімімен 10 тұлға анықталды. Олардың 8-і алимент төлемегендер мен 2-уі борышкерлер- деді Атырау ҚПБ Көші-қон бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты Римма Сидихова.

Рейдтік іс-шара кезінде кәмелетке жасқа толмаған балаларын бағып-қағу міндетін орындамай төлеуден жалтарып жүріп, қарыз сомасы шамамен 2 миллионға жуық теңгені құрайтын ер адамды анықталды. Тағы бір атыраулық 2017 жылдан бері баланы асырау бойынша алименттік міндеттемелерін орындамай келген. Ол алименттер бойынша пайда болған берешекті өтеуден бас тартып, бала алдындағы жауапкершіліктен жалтарған.

Айта кетейік, ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын, сол сияқты он сегіз жасқа толған еңбекке қабілетсіз балаларын күтіп-бағуға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін орындамауы үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы