Атырауда алғашқы күні 135 адамға «Спутник V» вакцинасы салынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда «Спутник V» вакцинасын алғашқы күні 135 адам салдырған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Атырау қаласында «Спутник V» вакцинасын салдыру процесі үш медициналық мекемеде өткен.
Мәселен, №3 қалалық емханада - 55 адам, Геолог кентіндегі емханада – 70, ал №2 облыстық ауруханада 10 адам екпе салдырды. Екпе алғандардың бәрі өздерін жақсы сезінді. Бәрінің денсаулығы қалыпты, вакцинаның жанама әсері байқалған жоқ, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.Өңірде вакцина салдыру үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 24 мекемеде арнайы орындар ашылған.
Оның ішінде 15 мемлекеттік мекеме бар. Ал, қалғаны – жекеменшік медициналық мекемелер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарда қонақ үйден 186 адам эвакуацияланды
Өзгелердің жаңалығы