Ақбөкен мүйізін заңсыз алып жүрген ресейлік ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында ақбөкен мүйіздерімен Ресей азаматы ұсталды.
Құрманғазы ауданы Байда ауылы арқылы Ресейге бет алған "КамАз" көлігінен ақбөкеннің үш мүйізі табылған. Жүргізуші – 57 жастағы РФ азаматы. Оған қатысты Құрманғазы аудандық полиция бөлімшесі ҚР ҚК-нің 339-бабы (Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктерді немесе жануарларды заңсыз пайдалану) бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды аймақтың ПД баспасөз қызметі.
Тергеу барысында сирек кездесетін жануарлардың қайда өлтірілгені анықталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы