Атырауда 800 арнайы техника Жайық жағалауын тәулік бойы нығайтуда
Атырау қаласы әкімі Шәкір Кейкин Жайық өзені бойындағы 107 секторда және оның арналарында жағалауды нығайту жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.
Бүгінде Атырау мен оның маңындағы учаскелерде тартылған арнайы техниканың саны 800 бірлікке жетті. Қала басшысы барлық ауылдық округтердегі жағалауды нығайту жұмыстарын тексеріп, жауаптыларға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.
Айта кетейік, Атырау мен оның маңындағы жағалауды нығайту жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Оларға мекемелердің 2225 қызметкері және 3354 ерікті қатысуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қаныш Сәтбаевқа 125 жыл: Ұлттық университетте конференция өтті
Келесі жаңалық
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Өзгелердің жаңалығы