Атырауда 700-ден астам мас тұрғын жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда жыл басынан қоғамдық орында мас күйде жүрген 700-ден астам тұрғын жауапкершілікке тартылды.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Атырау қаласы аумағында жыл басынан бері қоғамдық орындарда мас күйде жүрген 700-ден астам адам анықталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 100-ге жуық тұлға осы құқық бұзушылықты қайталап жасағаны да анықталды.
9 шілде күні №26 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары аумақты аралау барысында көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде адамның қадір-қасиетін қорлайтын мас күйде жүрген 35 жастағы және 50 жастағы екі азаматты анықтаған.
Екі мас тұрғын ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Айта кетейік, мұндай құқық бұзушыларға Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабында 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл, ал бір жыл ішінде қайталап жасалған бұзушылық үшін 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе бес тәулікке қамау көзделген.