Бүгiн 2026, 02:13
Фото: gov/kz
Атырауда 5,1 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Оның ішінде 4,5 мың гектары жайылымдық жер болса, 0,6 мың гектары өзге мақсаттағы учаскелерге жатады.
Атырау облысында жыл басынан бері жалпы аумағы 5,1 мың гектар болатын 13 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның ішінде 4,5 мың гектары жайылымдық жер болса, 0,6 мың гектары өзге мақсаттағы учаскелерге жатады.
Атырау облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, өңірде пайдаланылмай жатқан 40 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін қайтару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда бұл жұмыс кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында учаскелерді бөлу жұмыстары да жүргізілуде. Атап айтқанда, конкурс арқылы жалпы көлемі 11,9 мың гектар болатын 32 жер учаскесі табысталса, аукцион арқылы 9,1 гектар болатын 7 учаске берілді, – деді басқарманың бөлім басшысы Назкен Утешова.
Мамандардың сөзінше, бұл іс-шаралар жерді тиімді игеруді қамтамасыз етіп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына оң әсерін тигізеді.