Атырауда 50 пациентке арналған провизорлық стационар ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін Атырау облысы əкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың төрағалығымен медициналық мекемелер басшыларымен арада өткен жиында белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Қазір аймақта КВИ ахуалы өте күрделі болып отыр. Жиында сол себепті облыс басшылығы қосымша инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационар ашу мәселелерін қарастырып жатқаны мәлім болды.
Ерекше дабыл қағарлығы - қазіргі уақытта арамызда КВИ клиникалық белгілері бола тұра, тест нәтижесі теріс көрсетіп жатқан науқастар көбейіп отыр. Бұдан бөлек, ӨЖЖ аппаратын алу, қосымша зертхана ашу мәселелері де өткір тұр, – деп мәлім етті облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.
Бірінші кезекте облыстық аурухана жанынан 50 орындық провизорлық стационар ашылады. Онда КВИ-ге алынған тест нəтижесі теріс көрсеткендер бақыланады. Жетіспей жатқан ӨЖЖ аппараттары демеушілер көмегімен жуырда алынады.
Сонымен бірге, ТШО мен «Каспиан медикал» клиникасымен келісе отырып, КВИ-ге сынама алу үшін қосымша зертхана жұмысы жасақталғанын атап өткеніміз жөн, – дейді әкімнің орынбасары.
Еске сала кетелік, бүгін Атырауда облыстық аурухана, емхана басшыларымен кездесу өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев, облыс əкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, ауруханалар мен меншік медициналық мекемелердің басшылары қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елде иiс пен дәм сезбей қалғанына шағымданғандар көбеюде
Өзгелердің жаңалығы