Атырауда 38 млн теңгенің мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды

Атырау облысында мемлекетке жеке компанияға заңсыз берілген мүлік қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Махамбет ауданының прокуратурасымен 38 000 000 теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылды.

Талдау нәтижесімен Бейбарыс ауылдық округінің әкімімен «Первомайский» ЖШС-не понтонға орнатылған су насосы станциясы тендер өткізусіз сенімгерлікке берілгені анықталған.

Шаруашылық субъектісі понтондық станцияны мемлекетке зиянды түрде қолдануды жалғастырған. Аудан әкіміне енгізілген заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынумен мүлік мемлекетке қайтарылған. Ауылдық округ әкімі мен есепшісі тәртіптік жауапкершілікке тартылған, - делінген Атырау облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы