Атырауда 32 көпбалалы отбасы баспаналы болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының Индер ауданының орталығы Индербор кентінде көпбалалы 32 отбасыға "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыру аясында жаңа баспана кілті табыс етілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінен хабарлады.
Кенттегі "Болашақ" ықшамауданында жаңадан бой көтерген "Ару Ана" тұрғын үй алабында үлкен қуаныш. 32 көпбалалы отбасы жарық та жайлы жаңа үйдің иесі атанды. Ауданы 110 шаршы метрді құрайтын үйлер барлық негізгі қажеттіліктермен қамтылған. Солардың бірі, 5 перзенттің анасы – Эленора Мухитова.Қуанып тұрмын… Баспана кезегінде 6,5 жылдай тұрдым. Осы уақыт ішінде анамның үйінде де тұрдым, үй жалдап та жүрдім. Бүгін, міне, баспанаға қол жеткізіп, қуанышым қойныма сыймай тұр!, - дейді көпбалалы ана.Батыр аналарға баспана кілтін өз қолымен табыс еткен аудан әкімі Мейірім Қалауидың сөзіне сүйенсек, ауданда баспана кезегінде тұрған 1218 индерлік бар болса, соның 160-ы көпбалалы отбасы санатына жататындар екен.
Индер ауданында бұрын-соңды болмаған қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл шара да сол жұмыстардың жемісі. Жыл аяғына дейін, осы санаттағы отбасыларға тағы да 21 үй табыстағымыз келіп отыр. Ал, келер жылы осы көпбалалы отбасыларға арналған 80 пәтерлік көп қабатты тұрғын үйді пайдалануға береміз деп отырмыз, - деді аудан әкімі.Бұдан бөлек, 2020 жылы аудан орталығында баспана қоры 48 пәтерлік 4 көпқабатты үймен толықпақ. Бұл үйлер де кезекте тұрған азаматтарға табысталатын болады.
Бұған қоса, бүгін "Ару Ана" тұрғын үй алабы жанынан салынған 80 орындық музыкалық мектеп пайдалануға берілді. Онда, тұрғын үй алабында тұратын 250-ден астам баладан бөлек, Индербордың басқа да өнерпаз жастары домбыра, баян, фортепиано, вокал, хореография үйірмелеріне қатыса алатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда оқушылармен әскери-далалық жиын өтті
Өзгелердің жаңалығы