Атырауда 28 айыппұлы төленбеген көлік ұсталды

Атырауда жалпы сомасы 400 мың теңгеден асатын 28 айыппұлы төленбеген көлік ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «Қорғау» жүйесі арқылы Баймұханов көшесінің бойындағы айналма жолда ресейлік нөмірлі Hyundai көлігін тоқтатты.

Тексеру көрсеткендей, көлік иесінің жалпы сомасы 410 мың теңгені құрайтын 28 төленбеген айыппұлы жинақталған. Салдарынан көлік арнаулы тұраққа апарылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы