Атырауда 270-ке жуық мас жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласы аумағында 270-ке жуық мас жүргізуші ұсталды.
Бұл туралы Polisia.kz. хабарлайды.
Жыл басынан бері Атырау қаласының аумағында 70 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 4 адам қаза тауып, 71 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Ал жасөспірімдердің қатысуымен 13 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 13 жасөспірім түрлі дене жарақатын алған.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірқатар жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 270-ке жуық мас жүргізуші анықталып, оларлың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көбінесе жол-көлік оқиғаларының басты себебі – жүргізушілердің алколгольдік ішімдік ішкен масаң күйде көлік басқаруы және жол жүрісі ережесін сақтамауы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы