200-ге жуық атыраулық "Халық алғысы" медаліне ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бір топ атыраулықты онлайн өткен Biz Birgemiz республикалық форумы аясында "Халық алғысы" медалімен марапаттады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы, сондай-ақ пандемияға қарсы күрестегі қажырлы еңбегі үшін аталған марапат берілді. Облыс басшысының қолынан азаматтық белсенді Гүлназ Қосмурзиева, облыстық балалар стоматологиялық емханасының эпидемиолог-дәрігері Гүлжамал Таубаева, Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Бағытжан Исаев, облыстық №2 ауруханасының дәрігер-инфекционисі Жантөре Орысбаева мен Qazaqstan Ұлттық арнасының Атырау облысындағы меншікті тілшісі Жандос Темірғалиев сынды он адам "Халық алғысын" алды.⠀
Өз кезегінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов олардың жасаған еңбектерін атап өтіп, алғысын білдірді. Сондай-ақ, бірлік пен азаматтардың бір-біріне деген жанашырлығының арқасында қиындықтың оңай еңсерілетіндігіне тоқталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Павлодарлықтар аялдамада тұрып қазақ тілін үйрене алады
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы