Атырауда 1,8 млн дана балық шабағы Жайыққа жіберілді
Атырау облысындағы Бақсай каналында балық шабақтарының жиналу фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
15 қаңтар сағат 19:00-дегі жағдай бойынша 1,8 млн-нан астам шабақ құтқарылды. Тірі шабақтар аталған каналдан 55 шақырым жерде орналасқан Жайық өзеніне жіберілуде. Құтқару жұмыстарына 60 адам қатысуда, олардың қатарында әкімдік өкілдері, әскери қызметшілер, еріктілер және балық шаруашылығы субъектілері бар. Сондай-ақ 12 бірлік техника жұмылдырылған, - деп атап өтті ведомстводан.
Құтқару кезінде балықтардың мұзданудың салдарынан суда еріген оттегінің төмен болуына байланысты жартылай әлсіреген күйде болғаны анықталды. Жайық өзеніне жіберілгеннен кейін балықтардың қалпына келуі және белсенділігі байқалады.
Сонымен қатар, өлген шабақтарды жинау жұмыстары қатар жүргізілуде.
Жағдай ерекше бақылауға алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Таза Қазақстан": Астанада QAR FEST аққалалар байқауы өтеді
Келесі жаңалық
Ұлытауда жоғалған малшы табылды
Өзгелердің жаңалығы