Атырауда 170-ке жуық заңсыз қоқыс орны анықталды

Оның 53-і Атырау қаласында болса, 115-і Жылыой ауданында орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Atyrau.Today-ке сілтеме жасап.

Экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіпов брифинг барысында өңірде заңсыз қоқыс орындарын жою, қалдықтарды қайта өңдеу және көгалдандыру шаралары белсенді жүргізіліп жатқанын мәлім етті. 

"Қазақстан ғарыш сапары" ҰК" АҚ-ның ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес анықталған заңсыз қоқыс орындарының 125-і толық тазартылды. 

3 орын заңдастырылған қалдық полигондары ретінде танылса, 40 аумақ бойынша жергілікті билік жекеменшік иелеріне шара қолдануда, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Atyrau. Today Телеграм каналы
Өзгелердің жаңалығы