Атырауда 17 тамыздан бастап қоғамдық көліктер қайта жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірде 17 тамыздан бастап қаладағы 13 әлеуметтік маңызы бар бағыт жолаушылар тасымалын қайта жаңғыртады, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Желіде қозғалыс жиілігі - 10-15 минуттан барлығы 85 автобус жүреді. Автобустар сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін қатынайтын болады.Дүйсенбіден бастап тек қалаішілік маршруттар жүреді. Олардың жұмысына бірқатар жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Нақтырақ айтқанда, жолаушылар саны тек салондағы орындықтар санына сәйкес болуы тиіс, бетперде, санитарлық және дезинфекция режимі сақталуы керек. Жол жүру ақысы картамен төлеу арқылы жүзеге асады. Кондукторлар жолаушылар саны мен отыру ережелерін бақылауы тиіс. Салон жолаушыларға толған жағдайда, автобус аялдамаларға тек жолаушылар өз аялдамаларынан түсу жағдайында ғана тоқтайды,артық адам алмайды. Егер, санитарлық режим толықтай сақталса 24 тамыздан бастап қала маңындағы маршруттар да өз жұмыстарын бастайды. Қала тұрғындары әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағулары және антисептикалық құралдарды міндетті түрде қолдануы тиіс, - делінген қала әкімдігінің баспасөз-қызметінің хабарламасында.Айта кетейік, карантин енгізілгенге дейін жолаушылар тасымалымен 8 автобус паркі айналысты. Жалпы қалалық паркте бекітілген 26 маршрут бойынша 160 бірлік автобус бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен тәулікте індеттен 13 адам қайтыс болды
Өзгелердің жаңалығы