24 Қазан 2026, 02:44
Фото: скрин
Атырауда 160 орындық “Ботақан” бөбекжай-балабақша ашылды
Жаңа білім беру нысанының бой көтеруіне демеушілік компания қаржылай қолдау көрсеткен.
Атырауда мерейлі мереке қарсаңында “Ботақан” бөбекжай-бақшасы ашылды.
Қала маңындағы Тасқала-2 халқы бұл сыйға ерекше қуанып жатыр. 160 балаға арналған екі қабатты зәулім ғимарат заманауи үлгіде салынған. Бөбектердің бойына білім мен тәрбиені қатар сіңіріп, дамыту үшін барлық жағдай жасалған.
Бақшаға 2 мен 5 жас арасындағы бөбектер қабылданады. 6 топ болады. 1-қарашадан бастап жұмысын бастайды.
Бұл Тасқала-2 елдімекеніндегі алғашқы балабақша.Тасқала-1 елдімекенінде балабақша бар. Сол себепті бұл жердегі тәрбиеленушілерімізге, сәбилерге керемет жаңалық деп айтуға болады. 6 топ болады. Және балабақша толықтай материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Тәрбиеленушілерді қабылдауға дайын, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.