Атырауда 120 шаршы метр алаңда шөп өртенді

Атыраулық өрт сөндірушілер 120 шаршы метр алаңда өртенген шөпті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Көктем шағын ауданында жеке аулада ашық алаңда құрғақ шөптің, бұталар мен ағаштардың жануы орын алды. ТЖМ күшімен өрт 120 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - делінген ведомство ұсынған ақпаратта.

ТЖМ қоқыс қалдықтарын жинауға және өрттеуге тыйым салынғаны туралы ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы