Атырауда 1 тонна бекіре балығы тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атыраулық полицейлер 1 тоннадан астам бекіре балығы мен қара уылдырық тәркіледі, деп хабарлады Polisia.kz. 

Полиция департаменті қызметкерлері "Бекіре" жедел-профилактикалық алдын-алу шарасы кезінде Атырау-Орал тас жолы бойында балық тиеген Toyota Land Cruiser көлігін ұстады. 345 дана бекіре балығы мен салмағы 200 грамм қара уылдырық тасыған Батыс Қазақстан облысының 28 және 29 жастағы екі тұрғыны осыншама балықты заңсыз жолмен Атыраудан Орал қаласына жеткізбекші болған. 

Тәркіленген бекіре балықтарының жалпы салмағы 1 тоннадан асады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ, пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша жүргізілуде. Ұсталғандар қамауға алынды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы