Атырау тұрғыны құны 50 миллион теңге болатын есірткімен ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облыстық Полиция департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері 24 жастағы Атырау тұрғынын ұстады. Кейін оның Гайдар көшесіндегі пәтерінде тінту жүргізген кезде «қара базарда» құны 50 миллион теңге болатын 1 кг синтетикалық есірткі тәркіленді.

ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарын, заңсыз дайындау, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Күдікті Уақытша тергеу изоляторына қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы