Бүгiн 2026, 16:17 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Атырау тұрғыны әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды

«Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Атырауда әйелін өлтірді деген күдікпен 62 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қайғылы оқиға 2026 жылдың 16 наурызында болды.

Полицияның мәліметінше, сағат 3:30 шамасында өңірлік полиция департаментіне әйелдің қаза болғаны туралы хабарлама түскен. Алдын ала болжам бойынша, кісі өлімі тұрмыстық жанжал салдарынан болған.

16 наурызда полицияға тұрмыстық жанжал салдарынан 58 жастағы әйел адамның қаза тапқаны туралы хабарлама түсті. Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрды деген күдікпен полицияға жеткізілді.