Атырау тұрғыны әскери техниканы сатпақ болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау тұрғыны әскери техниканы сатпақ болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда 35 жастағы ер адам заңсыз брондалған барлау-шолғыншы көлігін (БРДМ-2) сатуға тырысқан. Бұл туралы 12 сәуір күні полицияға жедел ақпаратты Атырау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тексеріп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 36 жастағы азаматқа тиесілі аталған әскери көлік табылып, тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ал күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тұрғын үй нарығын не күтіп тұр?
Өзгелердің жаңалығы