Атырау тұрғындары Жайық өзеніндегі өлі балықтарды жинауға қатысты

Өлі балықтарды жинау қаланың 4 бөлігінде жүргізілді. Бұл туралы Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бүгін наурызда Жайық өзеніндегі өлі балықтарды жинаудың кезекті шарасы өтті. Бұл жолы мамандармен қатар Атырау қаласының тұрғындары – жастар, қоғамдық ұйымдардың мүшелері мен еріктілер де қатысты. Тұрғындар қалашығындағы көпір астындағы өзен учаскесінде 50-ге жуық адам балық жинады. Учаскеде ТЖД бригадасы кезекшілік етті. «Арнаулы автобаза» ЖШС қызметкерлері өзен жағалауын тазалау үшін көлік пен құрал-жабдықтарды ұйымдастырды.

«Балық жинауға қатысуға ниет білдіргендердің бәрін жұмыс басталар алдында ТЖД инспекторлары нұсқамадан өткізді. Жұмыс таңертеңге 10.00-де басталып, түске дейін жалғасты. Бастапқы қортындылар бойынша 20 қапқа жуық балық жиналды. Жағдайға бей-жай қарамаған тұрғындар еріктілерді тамақпен, сусындармен қамтамасыз етті. Еуропалық бөлік бойынша өзен жағалауын тазалау үшін 4 жиналу орны белгіленді: айналма көпірден АХАЖ ауданындағы көпірге дейін, АХАЖ көпірінен Әлиев көпіріне дейін, АМУ университеті аумағынан Тұрғындар қалашығындағы көпірге дейін және Тұрғындар қалашығынан Балықшы ықшам ауданына дейі», - дейді уческенің үйлестірушісі Мира Есниязова.

Ведомствоаралық комиссия мүшелері атап өткендей, алдағы күндері өзен мұздан толықтай тазарады, арнаны тазартумен балық аулау кооперативтерінің тәжірибелі мамандары айналысады.

Облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлының айтуынша, өлі балықтарды жинау жұмысы аяқталғаннан кейін балықты бақылау мақсатымен өлшеу жұмысы жүргізіледі және қортындысы БАҚ-та жарияланады. Екі күннің ішінде 493 кг өлі балық жиналған.

"Жинау жұмысы Жайық өзені толық ерігенге дейін жалғасады. Енді бұл шараларға «Арнаулы автобаза» ЖШС қызметкерлері мен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары ғана емес, жергілікті тұрғындар да қатыса алады. Бұл бастамаға қуаныштымыз, адамдардың табиғатқа, Жайыққа деген жанашырлығын, қолдарынан келетін көмектерін аямайтынын көрдік", - дейді Артур Сәдібекұлы.

Балық жинау жұмысына жалпы саны 150-ге жуық атыраулық қатысты. Барлық жиналған балықтар саналып, қылмыстық іс материалдарына тіркеледі, содан кейін «Арнаулы автобаза» ЖШС полигонында жойылады.

Балық қырылуына қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр, кінәлілер жазаланатын болады. Полиция қызметкерлері мен ветеринарлар балық өнімдерін сататын сауда нүктелерін бақылауда ұстап отыр, экологтер күн сайын Жайық өзенінен сынама алуда. Тұрғындар арасында балықтан немесе судан улану деректері тіркелген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы