Атырау облысында қызылша ауруы төмендеген


Астана, BAQ.KZ. Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қызылша ауруының төмендеуін атап өтті, деп хабарлайды  Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының Ана мен баланы қорғау бөлімінің басшысы Ұлжан Мұхтарова облыстағы осы аурудың таралу жағдайы туралы хабардар етті.

"№2 облыстық ауруханада 111 бала емделді. Бүгінгі күні 30 бала ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты. Жалпы алғанда, иммунды ферментті зертхана арқылы қызылшаның 54 жағдайы расталды. - дейді Ұлжан Мұхтарова. Ауру көрсеткіші төмендегенін атап өткім келеді. Қызылшаның  ауыр жағдайлары байқалмайды. Негізінде, уақтылы вакцинациядан өтпеген балалар зардап шегеді. Бұл жұқпалы аурулар санының өсу себептерінің бірі", - деді ол.

Қызылшаның  жоғары деңгейі балалардың 90% -ның қызылшаға қарсы вакцина алмауына  байланысты.  Туа біткен иммунитет балаларға берілмейді және олар жұқпалы ауруға  аса сезімтал болды. Статистика бойынша, облыста 30 жасқа дейінгі 8 мыңнан астам адам егілген жоқ.

Сондай-ақ қызылшамен ауыратын балалардың 90% -ы егу жасына жете алмаған балалар. Әдетте, вакцинация 1 жастағы немесе 6 жастағы балаларға беріледі.

"Ата-аналардың өз балаларына вакцинациядан бас тартуы жағдайды да қиындатады.  Дифтерия, скарлатинаның аурулары  оқшауланып тұр. Бақытымызға орай, біздің облыста осындай аурулар жоқ. Сондықтан біз барлық ата-аналарды вакцинациядан бас тартпауға шақырамыз", - дейді Ұлжан Мұхтарова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнар Танбаеваның айтуынша, соңғы деректер  бойынша  6 жасқа дейінгі 4144 бала вакцинациядан бас тартты.

"Талдау жүргізілді. Медициналық себептер бойынша вакцинациядан өтпегендер бар, бірақ көбінесе өздері бас тартады. Биыл біз 31 450 адамға вакцинациялауымыз керек. Бірінші тоқсанда 4,7 мың адамды егу жоспарланған. Бұл жұмыс жүргізілді. Аурулардың артуына байланысты біз қосымша 7000 доза вакцина сатып алуға өтінім жасадық,- дейді Гүлнар Танбаева.

Дәрігерлердің айтуынша, адамдар вакциналарды қабылдаудың маңыздылығын түсінді. Сондықтан, бұрын вакцинаға қарсы егілмеген  адамдар медициналық мекемелерге келіп егілді. Бұл жүргізіп отырған алдын-алу жұмыстары нәтижесін беретіндігін көрсетеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы