Атырау қаласындағы гидропосттағы су деңгейі 352 см-ге жетті

Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штаб Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК Атырау облысы бойынша гидрологиялық мониторинг деректеріне сәйкес, 13 сәуір 08:00 сағаттағы жағдай бойынша ахуал келесідей:

  • Индербор кентіндегі гидропостта су деңгейі 516 см, су деңгейінің  көтерілуі +15 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 293 см.
  • Махамбет ауданындағы су деңгейі 624 см., су деңгейінің көтерілуі + 19 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 307 см. 
  • Атырау қаласындағы гидропосттағы су деңгейі 352 см, су деңгейінің  көтерілуі +18 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы су деңгейінің көтерілуі 161см.

13 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу көлемі  447 м3 / с құрайды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы