Атырау полицейлері есірткі сатумен айналысқан күдіктіні ұстады

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласындағы көшелердің бірінде есірткі сатумен айналысқан 30 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күдіктіден полиэтилен пакетке оралған 4 орам синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ және тапанша тәркіленді. Тұрақты мекен-жайы бойынша тінту кезінде ұнтақ пен кептірілген есірткі тектес өсімдік тәркіленді. Тәркіленген айғақ заттарға сараптама тағайындалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы