Атырауда балаларға атпен серуен ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау полицейлері Балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Атырау қаласындағы № 31 мектеп оқушыларына естен кетпес күн сыйлады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент басшысы Қамза Үмбетқалиев  2019 жылы жас инспекторлар сайысында 1-орын алған мектеп оқушыларын Балалар күнімен құттықтады. Мерекеге тарту ретінде тәртіп сақшылары балаларды қала шетіндегі ипподромға апарып, оларға атпен серуен ұйымдастырды.
Болашақта бұл оқушылардың арасынан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді абыройлы міндет санайтын отанға адал полиция қызметкерлері шығатынына сенімдіміз, – дейді полицейлер.

Мереке күні тосын сый жасаған полицейлерге жас инспекторлар ризашылығын білдірді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы