Атырау перзентханаларына қатысты жалған ақпарат тарап жатыр
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қаласындағы перзентханаларда аналарға азық-түліктің жетпей жатқандығы туралы әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұны Атырау қалалық перзентханасының директоры Гүлзейнеп Дүйсепова айтып берді.
Қазір Атырау қаласындағы перзентханаларға қатысты өтірік, жалған мәліметтер таратылып жатыр. Сол жалған мәліметтерді таратқан азаматтарды біз тауып, заңдық тұрғыда шешуге тиіспіз. Қазір перзентханада жаңа тәртіп. Енді науқастар бөбекханаға жедел-жәрдем көлігі арқылы жеткізіліп, бір-бірден кіргізіледі. Дереу қызуы өлшеніп, шетелдіктермен байланыста болған-болмағаны анықталады. Кейін қабылдау бөліміне жеткізіліп, санитариялық өткізгіштен өтеді. Әкелген сөмкесіне, киген киімі мен аяқ-киіміне дезинфекция жасалып, әйелдің қолын антисептикпен тазалайды. Кейін дәрігер тексеріп, тиісті жеріне жіберіледі. Ішке ешкімді кіргізбейміз. Тіпті, босану кезінде қолдау көрсететін серіктесті де кіргізуге болмайды. Мұның барлығы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты. Сондықтан елді шулатпай, әр азамат түсіністікпен қарауы тиіс, - дейді Атырау қалалық перзентханасының директоры Гүлзейнеп Дүйсепова.
Атырау қалалық перзентхана басшылары облыстық штаб арқылы аналарға сырттан әкелінетін тамақтарға өзгеріс енгізіп жатыр. Оған қоса ыстық тамақ мүлде қабылданбайды. Өйткені олар перзентханада 4 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған. Сонымен қатар, жаңа босанған аналар 24 сағаттан соң үйіне шығарылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада жазылып шыққан 3 адам 14 күн үй карантинінде болады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы