"Атырау – Орал" тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суы өткізіліп жатыр
"Атырау – Орал" республикалық маңызы бар тас жолының 71-шақырымында жол үстімен өр суы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазіргі уақытта "Атырау – Орал" республикалық маңызы бар тас жолының 71 шақырымында (Махамбет – Ақтоғай ауылдарының арасы) 21 сағат 05 минутта су көп мөлшерде жиналуына байланысты арнайы техникалармен тас жолы бойындағы жасақталған бөгетті ашу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған ауыл тұстарына жиналған жайылымдағы суды жолдың екінші беті, яғни батыс жақ бетіне жіберілді, – деп жазды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
Тас жолы бойына 2 дана ауыр техника жұмылдырылды.
Жайық өзені жағалауынан Атырау – Орал тас жолының ара қашықтығы шамамен 6-7 шақырымды құрайды.
Жағдай тұрақты, ауылдық елді мекендерге қауіп жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қобда ауданында құрылыс қарқынды
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы