Атырау облысының полицейлері 80 келі бекіре тұқымдас балық тәркіледі

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

5 қыркүйек күні сағат 5:30 шамасында Атырау облысы ПД-нің жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау-Астрахань тас жолы Аққыстау ауылының тұсында, күдік тудырған Lada Kalina автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде 1997 ж.т жүргізушінің көлігінің жүксалғышынан шамамен 80 келі бекіре тұқымдас балық табылды, - делінген хабарламада.

ҚР ҚК 335-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы