Атырау облысының Құрманғазы ауданында екі автокөлік көпірі салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.​ Атырау облысы Құрманғазы ауылының Құрылысшы шағын ауданынан Болашақ шағын ауданына тікелей шығатын 2 автокөлік көпірі​ ​салынады. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Нұртаев айтты, деп хабарлады​ Атырау​ облыстық​ коммуникациялар қызметі.

Қайрат Нұртаевтың айтуынша, «Бұзаусылан», «Шортанбай – Жыланды» жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталады.
Сонымен қатар Хиуаз, Орлы ауылдарына кірме және ішкі жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі.

Атап өту керек,​ Азғыр өңіріндегі әлеуметтік сала нысандары толықтай және тұрғындардың 50 %-ы газға қосылды. Табиғи газбен қамтылу 98%, яғни 49 елді мекеннің 48-і қамтылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы